Айбары жоқ айтарыңды қайтейін, Барары жоқ, қайтарыңды қайтейін. Қауқары жоқ қайратыңды қайтейін, Қаһары жоқ айбатыңды қайтейін?
Келін балаң жаман болса ұлыңнан көр, Күйеу балаң жаман болса қызыңнан көр.
Арқан бойы соқпақтың, Тұсау бойы төтелігі бар.
Адамды арығыңда сыйла Білгенді жөнімен қина.
Әке тілін алмаған ұлдан без, Шеше тілін алмаған қыздан без.
Адал болса алғаның, Жан серігің емес пе? Сұлудан да сүйкімді, Жан көрігің емес пе?
|