Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Август » 13 » Қара бала
Қара бала
09:41
Сұрақ:
-Қара бала туралы ән естиміз. Анда-санда естіген сайын мәтіні қолда болса шіркін деген тілегіміз бар...
Бір топ оқушылар
Өскемен қаласы

Жауап:
-Ол әннің толық «Қазақтың қара баласы» аталады. Сөзі Исраил Сапарбайдікі, әні Арман Бексұлтандікі. Толық мәтіні төмендегідей:
Еңісте жүрген ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Еншілеп алған ауруға
Екі дүниеде ем қонбас.
Ананың сүтін арда емген,
Атадан бала кем болмас.
Тебініп атқа мінсе де,
Тектіге тентек тең болмас.
Қазанға түспей ас болмас,
Қарекет қылған аш қалмас.
Қазақтың қара баласы,
Біріне-бірі қас болмас.
Қазақтың қара баласы
Біріне бірі қас болса,
Күндердің күні туғанда,
Жат болудан жасқанбас.

¬Өзіңе өзің жаудайсың,
Өнбейтін істі даулайсың.
Төріңді жатқа жайлатып,
Төсекте жатып аунайсың.
Аузыңмен орақ орасың,
Тіліңмен оны баулайсың.
Атымтай сенің неңді алған,
Қожанасырдан аумайсың.

Сарыала қамыс, сор қамыс,
Саясы кімге алданыш?
Самырсын қанат сары балық,
Самұрық көкке самғап ұш!
Жақынның бәрі жарамсақ,
Алыстың бәрі арбағыш.
Балаға бағбан болса игі,
Бабадан алған ар-намыс.

Асу да асу бел қайда?
Аса бір соққан жел қайда?
Еңіреп туған ел үшін,
Едіге сынды ер қайда?
Еңісте малы мыңғырған,
Ежелгі қоныс жер қайда?
Еншісі бөлек ер ұлан,
Еңсесі биік ел қайда?

Атадан қалған көз қайда?
Абыздан қалған сөз қайда?
Алауыз болса арасы
Ағайын азып, тозбай ма?
Барға да, жоққа бар қадыр,
Баяғы бекзат кез қайда?
Кенеуі кеткен тіршілік,
Кеуденің шерін қозғай ма?

Бағзының көзі балбал тас,
Басына байғыз қонбай ма?
Қара шал тіккен қараша үй,
Қараусыз бір күн қалмай ма?
Отқа да түскен қызыл тіл,
Шоққа да түскен қызыл тіл,
Бекерден бекер, Құдай-ау,
Заманның зарын толғай ма?

Аспанның қары ала қат,
Алланың нұры ғаламат.
Келген бір күнге салауат,
Көрген бір күнге қанағат.
Жаманнан туар жалмауыз,
Жақсыға құмар жамағат.
Қадымнан қалған қағанат,
Қазаққа бүгін аманат.

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1706 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Август 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz