Әлия Құдайбергенованың әнші Сейфуллин Жолбарыспен болған сұхбатына зер салсаңыз, осы жайлы ойланып қалуыңыз әбден мүмкін. Үзінді ұсынамыз.(«Жұлдыздар отбасы», №12, 2013ж.,)«Мен емес, ол қорықсын...»
-Қарыз алғанды жақсы көресіз бе, әлде бергенді ме?-Кейде адымыңды тұсап тастайтын жоқшылық деген болады, сосын амалсыз жағдайлар бар, сондай шарасыздықтар алғызады қарызды... Бірақ менің әкем ешқашан бір адамнан бір тиын қарыз алмаған жан екен! Сол қасиет менде де бар, қалайда қарыз алмауға тырысамын. Өмірімде несие де алып көрмеппін.Құдай алғызбасын. Кредит алып, береке тапқан адамды көрмеппін. Қазақ «қарызды қолмен беріп алып, аяқты тоздырасың» десе, орыстар «Досыңды жоғалтқың келсе қарызға ақша бер» дейді. Қарыз алғаннан гөрі бергенді жөн көретін сияқтымын. Кезінде өнерде жүрген біраз жігіттерді қарыз беріп жарылқағанмын (күлді). Біразы қайтарды, біразы қалды... Не істейсің?! Бәрі сыйласып жүрген жігіттер. Жағдайын айтып шыға келеді.
|