 Асқабақтың тойымды тамақ болуына қоса, емдік, шипалық қасиеттері де баршылық. Ол жүрек-қолқа жүйесінде кінәрат болғанда, семіріп кеткен жағдайда пайдалы. Халық ем-домында оның несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі. Асқабақтың өзінің осындай тамақтық, шипалық қасиеттері болса, оның дәнінің бағалы екені кейінгі уақытта кеңінен мәлім бола бастады. Оны балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланады. Ежелгі емшілер асқабақтың шырынын ем ретінде ішкізген. Бүйрек, бауыр ауырған жағдайда күніне 1 стақан шырын ішу керек делінеді. Асқабақ шырынын жаңа дайындалған күйінде ғана ішеді, өйткені үйдегі жағдайда оны сақтау өте қиын. Ең соңында асқабақ қыста сақтағанда пісіп жетілетінін айта кетейік. Сондықтан, әдетте, оның пісіп үлгермеген пәлектерін де аңызда қалдырмай жинап алады. Тұқымдық дәні жолақтана буылтықтанған түрлерінде көп болады.
Фото: LiveInternet
|