Күншілдің күні қараң.
Өлінің өсиеті өзімен бірге кетер.
Ашулы баста ақыл тұрмайды.
Тұлпар дүлділдігімен, Адам білгірлігімен.
Әр аурудың дәрісі бар, Табудың да мәнісі бар.
Есектің өзінен жабуы үлкен.
Сиыр су ішеді-сүтін береді. Жылан су ішеді-уын береді.
Қарға қарқылдаса, қар жауар.
Әркімде бар бір қайғы: Диірменшіге су қайғы.
Екі ат тебіссе-есектің соры.
Диірменнің сәні- Қапшықтағы дәні.
Қолы ұзынның қоразы жұмыртқа табады.
Оқ қадалса, денеңнен суырарсың, Жүрегіңде кек қалса, не қыларсың?!
Сараң малын уайымдар, Батыр жанын уайымдар.
Бір тауды төңкеретін де бар, Бір дәнді зыл көретін де бар.
Жеген білмейді, Жентектеген біледі.
|