Ердің айнасы-еңбегі.
Олақ өзгеге сенсе, Өнерлі өзіне сенеді.
Алтын балта да ағаш шабар.
Босқынның босағасы аласа.
Ауылдың тоқтығы түтінімен белгелі.
Шынайы гүлдің шын бағасын бұлбұл ғана біледі.
Ат таңдауға жасты жібер, Қыз таңдауға қартты жібер.
Ор қазғанша қасыңа, Үй салғайсың досыңа.
Жыланды жылан шақпайды.
Қайтып кеткен құстан қайыр жоқ.
«Өлтіремін» дегеннен қорықпа, «Өлемін» дегеннен қорық.
Тағына қарама, Тағдырын бақ.
Тау суы таудан ағады.
Атқа шөп бер, Итке ет бер.
Көз-көру үшін, Ой-білу үшін.
Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын.
Көңіліне жаққан сөзді керең де естиді.
Үйдегі ұрыны ит қаппайды.
Атты көрсе ақсаған, Суды көрсе қақсаған.
Қол көңілдің құлы.
Қар-қара жердің көрпесі.
|