|
Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты
Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
-Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек,
сен айтып берші,-деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
-Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған адам жаман.
Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз-толғанғаның.
Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз,-болған екен.
Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.
|