Бір бай жұрттың бәрін алдап жүрген қойшының лақабын естіп, мені де алдай алар ма екен деп іздеп шығады. Қыр астында қой бағып жүрген қойшыға кездесіп: -Жұрттың бәрін алдап жүрген сен бе?-деп сұрайды. -Ия, мен! -Ал, қалай алдайсың, мені алдап көрші! -Қазір мен сізді алдай алмаймын, өйткені, таяғым үйде қалып қойыпты,-дейді қойшы. -Барып алып кел! -Менің қойымды кім бағады? -Қойыңды мен баға тұрайын, менің атымды мін де, тез барып таяғыңды алып кел,-деп бай астындағы атын береді. Қойшы атқа мініп кетіп қалады. Бай қыр астында қойды бағып ұзақ күтеді. Бірақ ат та, атқа мініп кеткен қойшы да орала қоймапты. Бай алданғанын сонда бір-ақ біледі.
|