Сұрақ: -Бесікке қатысты ырымдарды білген артық емес сияқты. Әр кім әр қалай дейді, сіздердің пікірлеріңіз қандайлық? Н. Нүрпейісов, Өскемен қаласы
Жауап: -Дұрыс айтасыз. Түрлі ырымдар мен тыйымдар баршылық. Сіздің сұрағыңызға отандық баспасөз беттерінен ақылға қысқаша ұсынумен жауап бердік: «Бос бесікті тербетпейді. Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет. Бесіктің теріс жағына отырмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек. Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс».Төле би: «Баланың бесігі-кең дүниенің есігі ғой»,-деп бекер ой айтпаған. Ендеше бала бесігіне қалай болса, солай қараған дұрыс емес. Нәресте денсаулығы үшін жан-жақты тазалық қажет.
|