-Балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді. -Бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метионин көп. -Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады. -Балық белогында бой өсіруге ықпал ететін лизин қышқылы да мол. -Балықпен балаларды азықтандырудың да маңызы зор. -Балық пен сүтті араластырып тағам дайындауға да болады. -Балық пен сүт белоктары қосылған кезде адам ағзасына қажетті ең құнарлы заттар түзеледі. -Балық пен көптеген теңіз жәндіктері семіздікке бейім адамдар үшін пайдалы. -Олардың калориясы аз, бірақ құрамындағы белок деңгейі сиыр еті мен сүзбесіндегімен бірдей, ал жұмыртқадағыдан тіпті көп. -Балық майының құрамында майда еритін А және Д дәрумені көп. Сондай-ақ менолен және арахидон қышқылдары бар. Арахидон қышқылдары табиғатта тек балық майында кездеседі. -Балалар мен егде адамдардың тамақ рационына балық өнімдерінен жасалған міндетті түрде қосу керек. Балық өнімдерінен жасалған тағамдар ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады. Олардың құрамында йод, фтор, фосфор, мыс, кобальт сияқты химиялық элементтер бар. -Шаян, моллюска сияқты теңіз жәндіктеріндегі микроэлементтер үй жануарларының тіндегінен 40-70 есе көп. Сондықтан олардың биологиялық құндылығы жоғары. -Теңіз балығы, шаяндар мен моллюскалардың құрамында йод көп болғандықтан қалқанша бездің ауруларына (зоб) шалдыққандар, семіздікке бейім адамдар, атеросклозбен ауыратындар үшін бірден-бір ем болмақ. Сондықтан балық өнімдерінен жасалған тағамдарды жиі пайдаланыңыз.
|