Ең үлкен бұршақ 1958 жылы 6 шілдеде Ачипулақ селосында (Ставрополь өлкесі) жауған. Бұршақтың салмағы 2200 грамға жеткен. Осындай бұршақтың салдарынан үйлер мен ағаштар бүлінген. Бұршақ далада жайылып жүрген 90-ға жақын қозыны шығындаған.
"Балалық шағы" ең ұзаққа созылатын ағаш-майқарағай. 50-70 жыл дегенде көктей бастайды. Сол уақытта ғана алғашқы тұқымын алуға болады.
Ең қатты ағаш-Шмидт қайыңы. Оны оқ та тесе алмайды. Нағыз өткір балта да майырылады. Ағашқа дақ та түсіре алмайды.
Ең ауыр ағаш-"Жылан ағашы" немесе пиратинера деп аталады. Бір текше сантиметр көлемдегісінің салмағы-1,5 грамға жетеді. Бұл ағаштың кішкентай кесегі суға тастай батады.
Ең жеңіл ағаш-бальза. Ол судан 9 есе жеңіл.
|