2013 жылдан бастап Европада жаңа көлік түрі сатылымға түсетін болды. Ұзатып, қайта жиналса өзінің ұзындығынан екі есеге дейін ықшамдалатын көлік. Hiriko деп аталады. Жалпақ тілге аударғанда «қалалық» деген мағына үстейтін көліктің жобасымен танысқан мамандар жоғары баға берді. Испанияның 5 компаниясы тізе қосып, бірлесе құрастырған жеңіл көлікке тек екі адам ғана сыяды. Өзге көліктерден ерекшелігі-бұл көліктің төрт дөңгелегі де бірдей бұрылады екен. Мәселен, тұрған орныңнан кері бағытқа бұрылу үшін рульді бұрсаң болды, қарсы бағытқа шықпайсың. Көлік тұрған орнында кері бұрылады. Тағы бір ерекшелігі-қуатының молдығы. Электр құрылғысы жоғары технологиямен жарақталған Hirikoмен жолда қалмайсың. Өзінің қуаты бітіп, қосалқы қуаты болмаса да, автомобиль 120 шақырым жолды өндіре алады. Қалалықтарға лайықталып өндірілген темір тұлпардың тежегіші керемет. Жылдамдықты шектеулі межеден асырмайды. Көлікті ойлап тапқан компания басшылығы енді сату меселесін шешуді қолға алыпты. Әзірге олар көліктің құнын 125 мың еуро деп бағалап отыр.
|