Ішесіз бе?
Дәрігер қабылдауында: -Сіз арақ ішесіз бе? Күлім қаққан науқастың жауабы: -Құйсаңыз ешқандай қарсылығым жоқ,-болды.
Көз дәрігерінде
Науқас: -Дәрігер, менің негізгі қиналысым үйлену тойымнан соң көз көруім хауіпті болып тұр. -Оны қалай сезіне бастадыңыз? -Той өткен біраз күндерден кейін-ақ үйде ақша көрмейтін болдым...
Шошқаны өзі сойыпты
-Мен үйленгенде менің мамам (шешем) үлкен семіз шошқамызды сойып тастады. -Үйлену тойларыңа ма? -Жоқ. Ашуға қатты булықты...
|