|
Ашулыны сабырмен, жауызды қайырымдылықпен, сараңды-жомарттықпен, өтірікшіні
шындықпен ғана жеңуге болады.
Дхаммпада.
Басқаның басына түскен бақытсыздыққа тек байлар ғана немқұрайды қарайды.
Талмуд.
Өзіңнің кемшіліктеріңді тек басқалардың көзімен ғана көруге болады.
Қытай мақалы.
Төбеден Тәңірі баспаса, төменде әсер тіленбес еді.
«Орхон жазу ескерткіші».
Ұзап кеткен кісінің қайтуы қиын.
«Көне ұйғыр ескерткіші».
«Суда белгі жоқ,
аспанды із жоқ» деген екен бұрынғылар.
«Монғолдың құпия шежіресі».
«Алыс деме, жүріп кетсең жетер ерсің,
Ауыр деме, иыққа алсаң көтерерсің».
«Алтын шежіре».
Көтерілсең-құр салтанат құрмағын,
Төмендесең-текке қарап тұрмағын.
Жүсіп Баласағұни.
|