Сұрақ: -Осы халық арасындағы емшілер жайлы әркімдер әр түрлі пікірлер айтады. Ауырып-сырқаған соң, бұған бұрын көңіл бөлмеген өзім де ойлана бастадым. Сіздердің пікірлеріңіз қандай? Нұрхан, Глубокое ауданы, бұрын Катонқарағай ауданында тұрғанбыз.
Жауап: -Сізге жауап беріп отырған блог модераторы деп білерсіз… Ел арасына белгілі-ежелден олардың бәрі ала аяқ, алдамшы болмаған. Халық жинақтаған емдік тәжірибелерді пайдаланған. Емші, сәуегей кісілер науқастарды ауруларынан айықтыру жолында неше түрлі өсімдіктердің құпияларын білген. "Чжудши" үнді-тибет әйгілі жинағында: "Жер бетінде дәрі-дәрмек болмайтын еш нәрсе жоқ" десе, осызаманғы ғалым, медицина ғылымының докторы В. П. Котельников мұны дұрыс көріп: "Тек дәрі-дәрмекті кімге қашан және қандай себептермен беру керектігін терең білу қажет",-депті. Сондықтан ұшы-қиыры жоқ бұл мәселеге әр кім жауапкершілікпен қарап, естіген оқыған, білген, пайдаланып көрейін деген ақыл-кеңестер жөнінде өздерінің қаралып жүрген дәрігерлерімен ақылдасқандары жөн. Сіз де сөйтіңіз.
|