Әскерлер жайында
Арыстан басқарған мақлұқтар әскері мақлұқ басқарған орыстардан құралған әскерді ұдайы жеңіп кетеді.Наполеон
Қалай өмір сүру керек?
Былайша өмір сүрейікші өзі, біз өлгенде туған туыстарды қойып, бейтаныс көр қазушыларға дейін бізді өлімге қимай жылап еңіреп тұрсын!Мұрт, көзілдірік...
Мұрт қойған еркектер ересектеу танылады, көзілдірік кисе, ақылдырақ көрінеді, ал оның ақшасы жоқ болса-келісімпаз келеді.Ұсақ бауырсақ (Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен)
Қаратау елінің Досал ауылында Есалы деген болыпты. Ол бала-шағамен де, келін-кепшікпен де қалжыңдаса беретін жайдары, ақ көңіл, аңқау кісі екен. Есалы жаздың бір күнінде Түркістан маңындағы құдасына келіп қонып отырады.Құда келген соң, үй иесі қарап отырсын ба, самауыр қойып, мал сойып шала бүлініп жатады. Көп кешікпей Есалының алдына дастархан жайылып, шай келеді. Күні бойы жүріп, еш жерге түстенбестен Есалы алдындағы қойдың құмалығындай ұсақ бауырсақты үшеуден, төртеуден ауызға салып шай ішіп отырады. Шай құйып отырған құдаша Есалының бауырсақ жесін мысқыл етейін деп:-Сіздің елде қойды қораға қамарда біртіндеп айдай ма, жоқ топтап айдай ма?-депті.Бұл қалжыңға Есалы дереу:-Ірі болса біреуден, ұсақ болса үшеуден, төртеуден айдаймыз,-деп жауап беріпті.
|