Айырмасы қандай?..
-Папа, сен қызыңның біреудің туған күніне барып келгенде бірден: «Тағы ішіп алғансың ба?!»-дейтінің қалай? Қазір де сөйтіп жатырсың...-Қызым-ау, мен папаң емеспін, жақсылап қарашы, мамаңмын-шешеңмін...Ақыл
Жаңадан сатып алған тәтті-дәмің, ірімшігіңді бірінші күні бірден жеп қоймай тоңазытқышқа салып қойсаң ұзақ сақталады.Ұзақ сақтаудың бір амалы осы деп біл...Жолы болмапты
-Менің балалық шағымнан бері әйелдерге деген жолым болмады. Тіпті туған анам омырауын бермеді ғой: «Әрине, мен сені сүйем, бірақ дос күйімізде қалайық»,-деді...Жаңадан үйленгендер
Ескі таныстар оқыс кездесіп қалыпты. Бірінші екіншісінен:-Сен үйленді деп естіп едім. Рас па?-Рас.-Қалай келіншегің? Алған жарыңды айтам...-Жақсы. Кішкене, аздап кемістігі бар.-Ұқпадым, о не қылған кемістік?..-Басқа еркектерге қарай береді.
|