Қолтық астының терлегіштігін азайту үшін шалфей жапырақтарының тұнбасы қолданылады. Қолтық астын 70 пайыздық спиртпен сүртіп, соңынан бор қышқылы опасымен сүртсе де жақсы көмектеседі.
***
Құлық қатып қалып ауыртса емізулі әйелдің сүтін құлағыңызға сауғызып, мақтамен тығындап қойыңыз, жарты сағаттан соң жібігенін тазалап алып тастаңыз.
***
Суырдың бауыры сынған сүйектің тез бітуіне көмектеседі. Ешкінің бауыры көзге пайдалы. Миы сіңірлер мен шандырларды бекітеді.
|