Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.
Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді.
Маскүнем, жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
Жаман туыс-тістеуік, жақсы жолдас-үйірсек.
Жақсы дос жаман әкеден артық.
Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе-әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе-шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса-жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ боп шықса-жар сорлы.
Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс әдемі болса да жиіркенішті.
Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар.
Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жемісті баяндауды ету-одан да қымбат.
Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ерінін бірі жұлып жердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұя та болмайды.Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ.
Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге және ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық қырсықпен тең.
Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдануын ұнатады. Екі адамның бір-біріне шын ықыласпен қалтқысыз қызмет етуі не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.