Сұрақ:Ірімшікті күнделікті қолданамыз. Оның қандай пайдасы бар екенін білмеймін. Ірімшік туралы толық мағлұмат берсеңіз.Рабиға, Ұлан ауданы
Жауап: Ірімшіктің (сыр) қатты түрі дүкенде әдетте голланд, швейцар, Алтай т.б ірімшігі деген атпен сатылады. Бұларды тіс пен тырнаққа, жалпы сүйекке ауадай қажет кальций элементінің қоймасы десе де болады (әр 25 грамында-300 мг кальций). Мұның сыртында ірімшіктің 30 пайызы басқа ас-су түрлерінен сирек кездесетін триптофан, лизин, метионин, т.б амин қышқылдарынан, май мен фосфордан тұрады. Ал ірімшікте ақуыз (белок) тіпті еттегі мөлшерден де көп. Яғни, күніне 100 гр ірімшік жеп тұрсаңыз, көрікке көрік, қуатқа қуат қосу дегеніңіз сол.
|