Қан қысымының түсуі-сәби шақтағы аялап, еміренудің кемдігінен. Бар үміті үзілгендей, күйзеліп торығудан. Қан қысымының түсу себептері-өмірден түңілу, уайым, салы суға кету, сенімсіздік, жалқаулық, мақсаты жоқтық, әлсіреу, тазалықтың болмауы, настық. Настық-ішіңнің де сыртыңның да кірлеуі. Бұл адамды сенімінен айырады. Егер өзіңіз туралы жаман пікір естісеңіз жүрегің кірленеді. Күйзеліс күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бәріміз де білеміз. Болмашы нәрсеге күйгелектену-жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді. Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гормондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап-шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі сұмдық ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшық еттерінің босаңсып, бастың ауруы, жыныстық дәрменсіздік пен тері ауруының мазалауы да сарыуайымнан арыла алмаудан болады. Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумендер жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады. Қырық жылдық стрестің адамға әсерін мәскеулік психотерапевт Инесса Ивановна Папикян: сырқат адамдарды стрестен айықтырудың басты себебі: ол адамның қандай іспен шұғылданып жүргеніне айырықша ден қоямын, яғни көңіл сергітерлік, пайдасы мол маңызды іспен айналысудың қажет екенін түсіндіремін, сайып келгенде, әр уақытын текке өткізбегені абзал деп қортынды жасадым дейді. Басқаша айтқанда, не істесек те ынта-ықыласымызбен, ризашылық ниетімізбен істеуіміз керек. «Мен мұны өзім үшін жасап отырмын. Осыдан ләззат табамын» деп жұмыс істегеніміз мақұл. Өзімізді де нақ солай сезінсек, торығудан да, күйзелісті де арылатынымыз анық.
(«Шипагер», №11, 2011 ж) ЖАЛҒАСЫ БАР...
|