АҚШ-тың Калифорния Университетінің мамандары ауыр жұмыс күнінің адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір себеп екенін анықтап отыр. Олардың зерттеу нәтижелеріне қарағанда, аптасына 41-50 сағат жұмыс істейтін адамдар 40 сағатқа дейін жұмыс істейтіндермен салыстырғанда қан қысымының жоғарылығына көбірек шалдығады екен. Ал 50 сағаттан артық жұмыс істейтіндерге бұл көрсеткіш тіпті де жоғары болатыны дәлелденген. Жалпы, зауыттарда, кеңселерде кешке дейін жұмыс деп жүріп қалатындар, жұмыс кезінде тамақты ретсіз, асығыс ішетіндер гипертонияға жиі шалдығатыны анықталған. Ондайлар сонымен қатар түрлі жарақаттар алуға, жүрек талмасына ұшырауға бейім келеді екен. Ғалымдар сондай-ақ жұмыскерден жоғары интеллектуалдық ширығуды талап ететін, бірақ оған жұмыс жағдайын өзгертуге мүмкіндік беретін міндеттер оны қан қысымының жоғарылауынан сақтайтынына да көз жеткізгендерін айтуда.
|