Бостондағы Тафт университетінің ғалымдары көру қабілетінің жақсы сақталуы үшін қандай тағамдармен коректенуі қажеттігін зерттепті. Тәжірибеге 55-80 жас аралығындағы 4 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде көздің көру қабілетінің жақсы сақталуына қарақұмық (гречка) пен қара нан жақсы көмектесетіні анықталған. Мұнан басқа көзге бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарон, сұлы жармасы, картоп және басқа көкөністердің де пайдасы бар екені белгілі болды.
|