Сұрақ:
Көктем мезгілі келе жатыр. Мен кәуап жегенді жақсы көремін. Достарым кавказ кәуабын мақтайды. Оны қалай жасайтынын білгім келеді.
Қуаныш, Өскемен қаласы.
Жауап: Кавказ кәуабына (шашлық) қой еті, тұз, ұсақталған қара және қызыл келімдәрі, түйінді пияз, сарымсақ, лимон қажет. Етті кастрюльге салып, қажетті дәрежеде тұздайды, келімдәрі қосады, ұсақтап тұралған сарымсақпен және үккіштен өткізілген пиязбен әбден араластырып, үстіне лимон шырынын құяды. Пісірмес бұрын тоңазытқышта 6-8 сағат ұстау керек. Асыңыз дәмді болсын!
|