Күрт көбейіп, жаназа, қонақасы,Жиі келер жер болды мола қасы.Барлық жолдың бақиға апаратынАтақтысы бүгінде-жол апаты!Теріс іске кей пенде текке еліктер,Төрден оған орын жоқ-тексеріп көр.Ұшақша ұшып, ажалға құшақ ашарТасып аққан тас жолда көп көліктер.Келешектен осы шақ сый күткенді,Ентелейді елемей күйкі істерді.Қия жолда бір таныс қыршын кетіп,Бір досымның аяғы гипстелді.Кімге аяусыз тырнағын өлім салса,Сол сезеді тұрарын өмір қанша.Темір тұлпар жүйткігенҚас-қағымдаҰқсап тынар табытқа-темір қаңқа!Серт берсең де мың жерден шошымасқа,Селк етерсің айналса осы расқа:Доңғалақтан дүние дөңгеленіп,Қол-аяқтан ажырап басы жатса!Жыр жазғаның жұбатпас, күн кешкенің,Не астында қалғаның гүлдестенің!Қуанышты көңілден сырып тастар,Құлыптас боп қарсы алса бірге өскенің.Сенің тас жол, үрейлі сұрың, кейпің,Сен осылай өмірді тілімдейсің.-Пәлекеттен сақта!-деп таңмен біргеКейуаналар боп алды күбірлейтін!Шопыр бауыр, ие бол рөліңе,Жылжы алға жолыңа гүл егіле.Ақсын өмір ағысы әр күн сайынКейуананың қосылып тілегіне.Сәндібек Жұбаниязов, Алматы қаласы
|