Қалады-ау (Соңғы әні 1976 жыл)
А-ау!Қайран елім, туған жерім,Ажал жетсе қалады-ау.Қара көрге, қатты жергеХалқым шулап салады-ау.Жалғыз «көйлек» еншім тимек,Жалаң аяқ, жалаң бас.Есіл тәнім, салтанат сәнім,Жел астында қалады-ау.Жарым, балам, іні-аға,Жора-жолдас қалады-ау.Ақ домбырам, қағаз-қалам,Серік болған қалады-ау.Қимас достар, тең құрдастар,Кәрі жастар қалады-ау.Бірге жүрген, ойнап-күлген,Замандастар қалады-ау.Қала-дала, сай мен сала,Жүрген жерлер қалады-ау.Тау мен тастар, тартқан көкпар,Әріптестер қалады-ау.Сыңғыр қаққан, сырын айтқан,Күміс бұлақ қалады-ау.Жалғыздығың, шықпас үнің,Тап сол жерде болады-ау.А-ау!Көпұлтты ұлы Отаным,Одақтастар қалады-ау.Қырғыз, қазақ, абақ-тарақ,Ардақты елім қалады-ау.Арғын, найман, қоңырат, қыпшақ,Керей, уақ қалады-ау.Әлім, адай, жағалбайлы,Саңлақты елім қалады-ау.Алтын, жаппас, тама, табын,Жан-жақты елім қалады-ау.Албан, суан, бірге туғанҚалың дулат қалады-ау.Шапырашты, ысты, ошақты, Сары үйсінім қалады-ау.Ботбай, шымыр, сиқым, жаныс,Бауырластар қалады-ау.Жарылқамыс, қасқарауым,Ораз, Бұқар қалады-ау.Солтанкелді, Бөкен бауырым, Сати-Боти қалады-ау.Сыбаға алып, қазы салып,Қай бауырым барады-ау?Қазы салып, есіне алып,Қай туысым барады-ау?
|