Керек іс бозбалаға-талаптылық.
Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды- Әдеті надан адамның.
Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел шырағым!
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық-надандық-білім... ғылымның жоқтығы... білімсіздік-хайуандық... еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны; талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны, адам баласы дұшпан болса, адамнан бөлінеді. Бұл жыртқыш хайуан есебіне қосылады. (Абай афоризмдерінен)
|