(Ж. Қалыбайдың еркін аудармасы)Жақсы адам парызын ойлайды, Жаман адам пайдасын ойлайды.***
Мені ел танымай қалатын болды деп қорыққанша,Мен осы Елді танымай қалмасам екен деп қорқу керек.***
Мемлекет дегеніміз-үлкен отбасы, Ал отбасы дегеніміз-шағын мемлекет.
***
Бұл өмірдегі ең қиын нәрсе-әйелмен және төмен адамдармен қарым-қатынас орнату: жақындатсаң-Басыңа шығады, алыстатсаң-жауығады.
***
Егер саналы түрде басқарылса-кедей болып, мұқтаждық көру ұят; егер мемлекет ақылсыз басқарылып жатса-бай болып, сый-құрметке бөлену ұят.***
Бұрын адамдар өзін-өзі жетілдіру үшін оқитын,Ал бүгінде басқаларды таңғалдыру үшін оқитын болды.***
Ақылды адам өзіне қаламағанды ӨЗГЕГЕ жасамайды.
***
Біздер, Өмірдің не екенін білмей тұрып, Өлімнің не екенін қайдан білейік?! *** Білімге үш жол алып барады:(1) Ойлану, оқу жолы-бұл ең ПАРАСАТТЫ жол;(2) Еліктеу, ұқсау жолы-бұл ең ОҢАЙ жол;(3) Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу, тәжірибе жинау жолы-бұл ең АЩЫ жол.
|