Қадірменді Лаура, Анар! Біріншіден жоғарыда көрсетілген сауалдарыңыз Сіздердің денсаулық жайына көңіл бөліп жүргендеріңізді көрсетеді дер едік. Бұл үлкен жақсылық. Қамданған қапы қалмайды. Ал енді, екіншіден айтарымыз, мамандармен сөйлескен едік, сіздердің «мұрындарыңызды көріп, сөйлеспей ештеңе айта алмаймыз, кейбір әдістер бойынша полип тым болмаса екі сантиметрге кішірейетін болса, мұрын арқылы тыныс алуы мүмкін болады. Бірақ, өкінішке орай, көлемі кішірейгенмен, полип сол орнында қала береді. Ол, енді, полип пе, басқа бірдеңе ме көріп білуіміз, талдауымыз қажет қой. Мұңсыз не дейміз?»-десті. Мұрын мен беттің қызаруын да сол маман-дәрігерлерге қаралып ем алған өте дұрыс көрінеді. Сондықтан күнде ертеңге қалдыра бермей дәрігерлерге барыңыздар. Құрметпен модератор.
|