 Лимон сөлі әртүрлі минералды тұздарға: магний, натрий, кальций, хлор, темір, фосфор, калий, күкірт, әрқилы, әсіресе С һәм В дәрумендеріне бай.Лимон ағзаға зиянды заттардан қорғайды: компресс, бұлау түрінде қолдануға әбден жарай береді. Бірақ лимон компресін қатарынан бір аптадан артық пайдалану әсіресе құрғақ теріге зиянды.Кішігірім жараны (тілінген, кесілген) бір стақан қайнаған суға 1-2 лимонның сөлін сығып араластырған соң жуамыз. Лимонның жұмсақ етіп кесіп алған жеріңе жақсаң қан тез сорығады.Астан уланғанда жылы сумен араласқан лимон сөлін ішкен пайдалы. Ол ағзаны токсиндерден (удан) тазартып, ас сіңіру жүйесін жақсартады. Анау-мынау күйікке лимоннан компресс тартсаңыз тез жазылады. Лимон гүлдерінің қайнатындысын бұзылған жүйкені емдеуге пайдаланады. Етеккірі келгенде қатты ауырсынатын әйелдерге етеккірі келместен 3-4 лимон жеген пайдалы, ал қан көп кетіп әлсіреп қалса, сөлін сығып ішкен дұрыс, күші орнына толысады. Суықтап қалғандарға лимон мың да бір дауа.Алма мен лимон компотының іш ауруларына (дизентерий) шипасы бар. Лимон қабығын қантқа араластырып жасаған майлы ботқа ішекқұртты (глиста) түсіреді.Жас баланың асқазаны ауырса, оған лимон дәнін суға қайнатып әсел қосып ішкізеді.3-4 лимон қабығын 1 литр суға қайнатып суытып алып қойыңыз. Бас жуғанда шашты осы суға шайқап тұрыңыз.
Фото: Школа жизни
|