Термелер
Жаман туыс-бір масыл,Арқалаған құммен тең.Жақсылығың істегенЕлекке құйған сумен тең.Келіннің зекіп айтқаны-Езіп құйған умен тең.Көңілсіз берген тамағы-Құм аралас күлмен тең.Жаман болса әйелің-Көрген күнің түнмен тең.Атадан жаман ұл туса-Елестеген жынмен тең.Жақсы болса әйелің-Үйіндегі ырысың.Жақсы болса ұл балаң-Қайрап қойған қылышың.Жақсы болса келінің-Басып қойған күрішің.Жақсы болса қыз балаң-Жайлы қоныс, тынысың.
|