Бір ақынға
Аптығыңды баспасам жөн болмайды, Тәңірі бақ берген жан кем болмайды. Томар су тасығанмен көл болмайды, Шіркінде иманы жоқ өң болмайды. Терең сай шөккенімен бел болмайды, Бұл ақын тым есіріп бара жатыр, Біраз соғып алмасам, ем болмайды.
Сұрасаң, менің атым-Құлтума-ды, Момыннан Құлтумадай ұл тумады. Қолға алып домбыраны шырқағанда, Тамсантып, шіркін көмей, бұлтылдады!
|