-Бір жігіт Мөңке биді бір көруге құмар болып, іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөңке: -Түлкім жоғары шық,-дейді. Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде Мөңке: -Сыншым сөйле,-дейді. Жігіт түсінбей отыра береді. Жігіт кетер кезде: -Жыршым енді рұқсат, үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт,-дейді. Жігіт сауал қояды. -Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзегеніңізді айтып беріңіз. Мөңке сонда былай деп жауап қайтарыпты: -Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай бастайды. Сыншым дегенім сол. Қонақ үйден аттанғанда көрген-білгенін жыр қылып айта жүреді. Жыршым дегенім сол.
|