1.Қанағат егесі бол. Өз халіңе шүкір қыл. Күйеуің не нәрсе алып келсе де, ол жейтін немесе киетін нәрсе болсын, кішіпейілділік көрсет. 2.Күйеуіңе әрдайым мойынұсын. Істе деген істерін істе, істеме деген істерін істеме! 3. Күйеуің түсетін жерлерге жақсылап көңіл бөл. Және үйіңнің іші сыртын неғұрлым таза ұста. 4.Үсті басыңды таза ұста. Күйеуің әр дайым әдемі ғана иіс сезсін, мұрнына жаман иіс бармасын. Себебі жаман иіс сенің абыройыңды түсіреді. 5.Тағамды уақтылы дайында. Яғни тамақтанатын уақытын ешқашан кешіктірме. Күйеуің келісіменен дереу дастархан жай, себебі аш адамның ашуы тез келеді. 6.Ұйықтайтын және оянатын уақытын біліп ал! Төсегін де уақтылы дайында. Ұйқсыздық та адамның қапа болуына апарады. 7.Қожайыныңның мал-дүниесі сенің мал-мүлкің оны ысырап етпей қадіріне жете біл. 8.Күйеуіңнің таған-туыстарына, жақындарына құрмет көрсет! Оларды құрметтегенің, күйеуіңді құрметтегенмен бірдей. 9.Күйеуіңнің сырын басқаларға әсіресе ата-анаңа, туыстарыңа айтпа! Себебі олар күйеуіңнің кейбір мінездерін теріс түсініп қалуы мүмкін. Ал шайтан болса осындай уақыттарды іздеп жүреді. Лажы болса сендерді ажыратуға тырысады. 10.Күйеуіңнің дінге қарсы келмейтін барлық бұйрықтарын орында. Ешқашан оған мойынсынбайтындай теріс қылық көрсетпе. Егер бұлай етпесең, ол саған кек сақтап, ақыры дұшпаныңа айналады. Сосын сен көп зиян шегесің, қолыңнан ешнәрсе келмейді. («Керек кеңестер», № 1, 2012ж)
|