Түсіндіруге "мәстір" шопырды ол жерде тоспаса, ол оны қайдан табады?.. Қойшы, әйтеуір, ептеп құтылдық. Бала-шағамызбен "залдан" шықпаймыз. Хасенғазылар кеткен соң, әйелім: "Құдай-ай, менің сонша не жазығым бар еді, көрмегенді көрдім-ау деп екі-үш күн жылап жүрді. Ол кезде мұғалім еді, мектебінен хабар келіп, аздап тыйышталды: ашық сабақ өткізуі керек екен. Төргі бөлмедегі өзінің барлық киім кешектерін, кітап, оны мұнысын, балаларға керекті нәрселердің бәрін мен шығарып бердім. Өйткені ол жаққа аттап басқанын қойды: "Мәйітханаңа" өзің жат!"-деді. Бұл енді ұзын сонар әңгіме. Сондықтан қысқарта сөйлейін. Шынында әйелім тұр ғой өзім де төргі бөлмеге кірсем, аузы ырсиып Есентай жатқандай болады да тұрады. Хасенғазының қылығын, өзімнің ақмақтығымды ойласам күні осы уақытқа шейін ұйқым бұзылып кетеді. -Сен үйім, тар дейсің. Құдайдың бергеніне шүкіршілік ету керек,-деді Бейсенбек көршісі Қалижарға көшеде әңгімелесіп жүргендерінде. Қалижар ежелеп қоймады: -Сонымен әлгі мәйітханаға қалай жаттыңдар?-деді шынайы білгісі келіп. -Көбіне-көп бос тұрды. Басқа пәтер алып көшіп кеткенше үйге келген қонақтар жатып жүрді,- деді Бейсенбек жымыңдап. -Ой! Оңбаған! Ана жылы сенің үйіңе қонбай кеткенім жақсы болды. Сенің тіліңді алып қонсам, сол төсекке-мәйітханаңа жатады екенмін ғой?! -Әрине! Сол кезде жалғыз сені емес, көп кісіні шақырдым. "Қырсыққанда қымыран іриді" демекші әншейінде маза бермейтін қонақтардың аяғы тыйыла қалғаны! -Бәсе! Үйге жүр! Қонақ болып қонып кет!-деп жалпаң қағып едің, зұлымдығың ішіңде екен ғой?! -Олай деме! Зұлымдық емес қой! Мәйітханаға "тоист" төргі бөлмеге жатасың да кетесің. Көр болса, анығын кейінірек естірсің? Қалижар не күлерін, не жылары білмегендей аузы ашылып қапты. Не десін? Бәріміздің білместігіміз көп қой. Сіздер де бұл жөнінде ойларыңызды айтсаңыздаршы. М.Төктебайұлы
|