Воскресенье, 07.12.2025, 08:53
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Июль » 24 » М. Төктебайұлы. Мәйітхана (Жалғасы)
М. Төктебайұлы. Мәйітхана (Жалғасы)
16:31
Алайда, әлден уақытта, жайма шуақ көңілім жай түскендей бұзылды. "Жедел мәшинемен" жеткізген Хасенғазының әкесін екі мықты жігіт зембілмен (носилкемен) көтеріп алып келіп: "қайда жатқызамыз?" дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Ең алғашында ештеңеден хабарым жоқ, дайындап қойған төргі бөлмедегі төсекті көрсетіп едім, әлгілер ептеп кіргізіп, кереуетке жатқызғандарын да жөнді көре алмай, соңдарынан қыстырыла қарағанымда олар зембілін қолдарына ұстап алыпты. Жүрегімнің дір еткені-науқастың беті ақ матамен жауып қойыпты. Үстінде ауруханадан ала келген ескілеу ала одеял… Мен аузымды аштым да қалдым. Ойбай-ау, мұнысы несі? Төсек салынған жоқ болатын. Шыжыған ыстықта қымтап жауып кеткендердің қылығы таң қалдырды.
Үйге кешіге кірген Хасенғазы сөйлей кірді: "ақша бірдеңе бермесең, бүгінде ешкім ештеңе істемейді ғой, осылардың өзін әрең тауып келістім. Не қылған адамдар?! Ешқайсысынан қайыр-опа жоқ. Әкесі өлген қайғылы бала-жігіт қой дейтін біреуді таба алмадым",-деп жүрегімді тағы зу еткізді. Мұның әкелгені-мәйіт боп шықты! Әкесінің сүйегі! Өзіңнің туғандарыңның мәйітін көргенде денең суып салады. Онымен салыстырғанда мүлде бөтен жан! Ой, ақмағым-ай! Өзім де ақмақпын. Ойымды Хасенғазы бұзды: "Сен мені баяғыдай бір есерсоқ екен деп қалып жүрме, рахмет саған! Өмір бақи ұмытпаймын бұл жақсылығыңды! Тірі болсам, бір өтермін,-деді түкірігін жұтып, маңдай терін жеңімен сүртіп,-келетін мәшін әлі жоқ. Ол кешігіп келсе, аурухананың мәйітханасын түнде ашпайды екен. Сонан кейін ойлап тапқаным ғой…"
"Данышпанның" түрін көрсеңіздер. Құдай мұндайды сіздердің бастарыңызға бере көрмесін дейміз. "Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің" деген рас екен. Хасенғазы мен есімді жыйнап үлгіргенше болған жоқ, шәй ішпестен, әлгі ауруханасына қарай қайта жүгірді. Менің аузымды ашқызбай-ақ тындырды тағы бір "шаруасын": "ауылдан келетін мәшиненің шопыры қалаға жиі шықпайды екен. Сондықтан ол "анау-мынау "әдіріс-мәдірісіңді" білмеймін, сол әкең жатқан емхананы білем, соның алдынан тос"-депті. Ол қазір-ақ келіп қалады, тосып алып келейін" деп тұра жүгірді. Иттің ғана баласы!
"Екі бөлме тар, екі баламыз бар" деп әйелім зар қақсап, кәсіподағымызға өтініш бергізіп еді. Енді бәріміз бір-ақ бөлмеге сыйып кеттік. Күні кешегідей емес, бұл жөніндегі "у-шу" да азайып, кең-кең бірнеше бөлмелі пәтерге жаңа қоныстанғандай тыйылдық та қалдық. Өйткені "төргі бөлмеге" үй ішіндегілер тұр ғой, өзім аяқ баса алмадым. Өлген кісілердің ақырғы дем шығарғанда ауыздары ашылып қалады, сондықтан оны ақ дәкемен байлап қояды деген рас екен. Бала-шағам жоқ кезде не істерімді білмей, дәл бір мен жөндеп қарасам, тіріліп кететіндей бетін ашып көргем. Бекер-ақ істедім. Хасенғазының әкесі Есентайға мүлде ұқсамайтындай бет жүзінде  кеспір жоқ. Сарғайған тістері ақсиып, сақал-мұрты қырынбаған, өсіп кеткен күйінде жатыр екен. Дарақылау ұлы қайбір қарады дейсің?!
Қазір келем деген Хасенғазы таңғы сағат жетіде бір-ақ келді.
Жалғасы бар
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 972 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Июль 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz