-Шын көңіліңізбен күлімсіреп жүруді және жүрегіңізді махаббатқа толтыруды ұмытпаңыз. Бұл барлық аурулардың алдын алады. -Егер Сіз үнемі қайғыға салынып, ашуланып немесе жабырқаңқы көңіл-күйде жүретін болсаңыз органдарыңыз у бөле бастайды. Ал егер күлімсіреп жүрсеңіз бал секілді ағзаға пайдалы сұйықтық бөлінеді. -Қай жерде, қандай жағдайда жүрсеңіз де күлімсіреп жүруді әдетке айналдырыңыз. Сонда бойыңыздағы жағымсыз әсерлердің бәрін жоятын боласыз. -Аз сөйлеп үйреніңіз және қай жерде қалай сөйлеу керектігін алдын-ала ойланып алыңыз. Ойланбай айтылған бір ауыз сөз келесі адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. -Өткеніңізді ойлап немесе келешегіңізді уайымдап мазасыздыққа салынбаңыз. Себебі мазасыздықтың соңы көбіне стрестік жағдайларға душар етеді. -Төсек қатынасына көп әуестенуші болмаңыз. Себебі ағзадан ұрықтың көп бөлінуі де денсаулыққа зиян. -Басыңыз бен аяғыңызды жылы ұстаңыз. Басыңызға ерекше құрметпен қараңыз.
|