Ішімдікке үйір адамға күн сайын 100-150 грамм бал беріп тұрса, ол ішуін доғарады. Байқасаңыздар омарташылар ешуақытта спиртті ішімдік ішпейді. Себебі бал мен алкоголь бір-бірімен үйлеспейді. Дат дәрігері Ларсеннің айтуына қарағанда, мас адамға арасына жарты сағат уақыт салып 125 грамм бал беретін болса, мастығы тез тарап кетеді екен. Оның себебі балдың құрамындағы фруктоза алкогольдің белсенділігін төмендетеді. Ежелгі Үндістанда саңырауқұлақтан уланғанда, жылан шаққанда, есірткіге еліткенде, оның бетін балмен қайтаратын болған. Бал қосылған сумен асқазанды шайып тұрған да жақсы. Б. Қайыртай.
(«Ауырмаңыз» № 16, 8, 2011 ж)
|