Ертеде Нүке деген кісі ауылға келе жатып, соқамен жер жыртып жатқан орыс мұжықтарының тұсынан өтіп бара жатады. Мұжықтар өгіздерін айдап:-А, ну-ка! Ну-ка!-деп жатады.Нүке оны естіп аулына мәз болып келіпті.-Сендер не білесіңдер, мені орыстың мұжықтарының бәрі біледі екен. Анадай қастарынан өтіп бара жатсам, бәрі де «Нүке», «Нүке» деп айқайлап амандасып жатты,-депті.(Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен)
Петя
(Еркін аудармалар)
Шешесі қызына жаны ашып ұрсып жатыр:-Не болып қалды соншама? Зар илеп жылайтындай басыңа түскен қандай пәле?! Петя сені басқа біреумен әдейіленіп алдап жүр ме?!-Жалғыз Петя болса, түк етпес еді, анашым! Одан басқаларының бәрі де алдап кетті!..Шет елден келген қонақ
Шет елдік қонақ жергілікті тұрғыннан былай деп сұрады:-Ресейде жеңіл жүрісті әйелдер қымбатқа бағалана ма?-Жоқ! Мұны сізге кім айтып жүр?!-Сіздердің мәшине жүргізушілердің бәрі түгелдей: «мына жолды қай ырбиған жеңілтек қатындар салған?!» десіп боқтасып жатады...Түсінікті...
Жол шетінде тұрған полиция қызметкері қажетті телефон нөмірін біле алмай дал болып тұр. У-шу көп. Сөйлескен ксісі де әбігер. Мынау:-Жетпіс жеті, отыз төрт, он алты-деп айқайласа, анау:-Естілмейді, тағы да айтшы!-дегенде, бұл:-Москва, Волгоград, Татарстан,-деді. Анау қуанып кетті:-Бәрін де ұқтым,-деді,-77-34-16!..
|