Бір молда суға ағып барады екен. Шығарып ала қоймақ боп, біреу жүгіріп барып оған: -О молдаеке, қолыңды бер! Қолыңды бер!-дейді. Молда қолын берудің орнына кейін шегіне береді. Суға бір батып, бір шығып, тіпті су түбіне кетуге айналады. Молданың әдеті беру емес, алу екенін жақсы білетін біреу: -Молдаеке, мә, мә!-деп қолын соза қояды. Сонда молда ілгері ыршына ұмтылып, ұсынған қолдан шап беріп ұстай алыпты. («Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
|