Балық майы жақсы деп жатамыз. Мамандардың айтуынша әр нәрсені нақтырақ білген дұрыс көрінеді. Мұның өзі тіпті, дәрі-дәрмектің сіңімді болуына да әсер етеді екен... Балық майының құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер қоры өте көп. Мәселен, оның құрамындағы А дәрумені-көздің көру қабілетін арттырады, тыныс алу және асқорыту, балаларда сүйектің дамуы мен тіс эмалінің дұрыс қалыптасуы, иммундық жүйе, ағзаның бактерия және вирустармен күресуде күш береді. Ал Д дәрумені-дені сау сүйек пен тістің кепілі болады. Балық майының жағымсыздау иісі мен дәмі бар. Ол сары, ақ, қоңыр түсті келеді. Соңғысын (ашық сары түсті) медицинада емдік шараға қолданады. Оның арнайы құтыда және капсула түрінде кездеседі. Жалпы балық майы көп ауру түрлеріне шипа. Көреген бабалар: «Кез келген заттың емдік қасиетімен қатар ағзаға тигізетін зияны бар. Тек оны дұрыс қолдана білгенде ғана пайдасын көресің. Егер дұрыс пайдаланбаса ең пайдалы деген дәрмектің шипасы тимейді»,-деген. Сондықтан емдік балық майын ішкенде ережелерін ұстанған дұрыс. Емдік майдың үлкендермен қатар балаларға да беруге болады. Мамандардың айтуынша балық майы–ми үшін үлкен азық болып табылады екен. Әсіресе омега-3 май қышқылының қайнары осы майда көрінеді.
|