Ел ішінде Қойбек би айтыпты деген нақыл сөздер, мақал ұшырасады.Құдайдың құрығы ұзын. *** Күйелі ағашқа жолама, күйесі жұғады.***
Кедейді құдай ұрайын десе,Биесін атқа айырбастайды.Ағайынды құдай ұрайын десе,Туысын жатқа айырбастайды.***
Қауын пәлегінен ұзамайды.***
Мал мал күйінде-пұлАқша күйінде-тұл.***
Қызды жеңге бұзады,Жеңгені теңге бұзады.***
Арық қойға жем берсең,Аузы-басыңды май қылады.Жаман адамға қол ұшын берсең,Аузы-мұрныңды қан қылады.***
Малдың жуасы-қой,Секемшілі-ешкі,Мінездісі-жылқы,Маңғазы-түйе.Нар жолында жүк қалмас деп соған байланысты айтса керек.***
Ерте тұрған бір ісі артық.***
Түстік өмірің болса, кештік мал жи.***
Ақыл азбайды,Асыл тозбайды.***
Екі адам ұрлық қылса, біреуі-айғақ.
|