Қобызды Қорқыттың қалай шығарғанын, оны қандай әдіспен ойнағанын қазақ аңыздары өз алдына бір хикая етіп сөйлейді. Қорқыттың қобызы ескі күйші, ақындар үшін бір сұлу әлем. Бұл туралы қазақ аңызы былай дейді: Қорқыт бала күнінде дала кезіп, Желмаясын мініп, елсізде қараңғы түнде келе жатса, алдынан сарнап шыққан бір әдемі үн естіледі. Үн шыққан жерге келсе, айналада өзі тартылып жатқан бір қобызды көреді. Қорқыт Желмаядан түсіп, қобыздың сарынын тыңдап, көп уақыт оның қасында отырады. Қобыздың сарыны басылған кезде Қорқыт қобызды бауырына басып, "бұл енді менікі" деп қатты қуанады. Желмаяға отырып үйіне алып келеді.Ел-елді аралап, ғажайып сұлу күйлер тартып жүреді. Қорқыттың бұл қобызбен бірінші тартқаны "Тәңірі күй", ең соңғы тартқаны "Елмен қоштасу". Ә. Қайнарбаев
|