(«Қара өлеңінен» үзінді)
Кәрілік Үзінді
Кәрілік жарлылықпен екеуледі,Бала би, қатын шайпау-төртеуледі.Шағырдың шала жанған ұшқынындай,Барлығы жан-жағымнан кеукеуледі.Шаппай, желмей жемдей бер кәрі бозды,Күш-қуат, ақыл-қайрат бәрі тозды.Төрт бұрышын дүниенің сайрандаған,Мінеки екі аяқтан таяқ озды.Кәрілік қара нарға тас артқандай,Бір жағын бір жағынан баса артқандай.Аяққа жетпіс батпан кісен түсті,Жан бар ма сол қорлықтан босатқандай.Кәрілік келдің жетіп қазған көрдей,Дүние өте шықты әсем кердей.Үймелеп қыз келіншек шықпайтұғын,Маңыма қалдым жалғыз ит те келмей.Мен шықтым кешке арай самалдауға,Сөз айтпа қадір білмес жамандарға.Жас күнде арыстандай айбарлы едім,Қартайып, қуат кетті амал бар ма.
|