Жалғасы...
Бойыңмен мақтанба,
Ойыңмен мақтан.
Ақылсызды жұмсасаң,
Артынан өзің барасың.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Түсі игіден ісі игі артық.
Көзінше мақтама,
Сыртынан даттама.
Қызғаншақ қиядан шалады.
Ойы бөлектің
Жолы да бөлек.
Біреудің мінінің бір елі артығы бар.
Істі ине тікпейді,
Икемді қол тігеді.
Қазымыр ененің қарақұсында көзі бар.
Күйе киімді жейді,
Күйік миыңды жейді.
Қаракет етпеген қателеспейді.
|