Жалғасы... Ақылды үйренуге құмар, Ақымақ үйретуге құмар.
Бағаны базар белгілер.
Егін-жайда қар көп- Қамбада дән көп.
Біреуге тана керек, Біреуге бала керек.
Істің бастауын білсең, Аяқтап тастауың оңай.
Адал достық алтыңнан да қымбат.
Балықшының баласы судан көзін алмайды.
Жас келсе іске, Кәрі келсе кеңеске.
Қадірлі қонақтың да қайтар кезі бар.
Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы.
Қара жерді емгеннің қарны ашпайды.
Темірді балға соқпас, ұста соғар.
Жау сырын жауына білдірмес.
Адамды еңбек асырар, Жалқаулық құтын қашырар.
Аспазшы аш қалмайды.
Байдың той қылғаны- Кедейдің қайғырғаны. Жалғасы бар...
|