Орын Өмірден өз орнын тапты-ау, әйтеуір, бірақ оған басқа біреу отырып қойыпты…
Ашығын айтайық -Қымбаттым, саған бір жаңалық айтатын уақытым жетті-менің екіқабат болғаныма үш ай өтті. -Мен де саған бір шындығымды айтайын, білгенің әбден жөн: дәрігерлердің дәл менен ешқандай нәресте болмайтыны жөніндегі хабарын осыдан алты ай бұрын естігенмін…
Тап-таза… Екі беті сұлу келіншектердің бояп алған бетіндей жалтырап, әп-әдемі тап-таза отыр. Мұндай дәрежеге жету үшін осыдан бұрын, бүгінге дейін қаншама ұрлық жасады десеңізші?!..
Арадағы сыр -Вася, осы әйеліңе үйленбес бұрын араларыңда бірдеңе болып па еді? -Әрине, О не дегенің?! Телевизор, тоңазытқышымыз болды…
|