Жалғасы... -Даусы қатты шығатын есік қоңырауы, ысқырып қайнайтын шәйнек, сағат қоңырауы, тағы басқа тыныштықты оқыстан бұзатын нәрселер қан қысымы жоғары адамдарды жүрек талмасына ұшыратуы мүмкін екеніне жапон ғалымдары көз жеткізген. -Классикалық музыка тыңдаңыз. Оксфорд университеті ғалымдарының зерттеуінше, ол бұлшық еттерін босаңсытып, қан қысымын төмендетеді. -Туған-туыстарыңызбен жиі араласыңыз. Гарвард медицина мектебінің ғалымдары ет жақын адамдар арасында болу қан қысымының қалыпты болуына әсер етеді, жаман әдеттерге қарсы күресте көмектеседі дейді. -Француз ғалымдарының пікірінше, бір ауық бимен айналысқан да пайдалы, ол омыртқаның, өкпенің жұмысын жақсартады. -Шоколадтың пайдасы бар. Таза шоколад құрамындағы полифенолдардың рак пен жүрек ауруларына қарсы әсері жақсы. -АҚШ-тың Альберт Энштейн атындағы медициналық колледж ғалымдары ғибадатханаларға барып бір рет құлшылық ететіндердің өмірі басқаларға қарағанда 20 пайызға дейін ұзақ болатынын анықтаған. Ал бұған дейін ағылшын ғалымдары діни нанымы жоғары адамдардың түрлі стрестерге бой алдырмайтынына, қиындықтардан аса күйзелмей өтетіндеріне көз жеткізіпті. -Ал неміс ғалымдарының пайымдауынша өзгелердің өзі туралы не ойлайтынында шаруасы болмайтын, кейбір кемшіліктері, қылықтары үшін өзін-өзі «жемейтін» адамдар өзгелерден ұзағырақ өмір сүреді екен. -Үйде ит немесе мысық ұстағанның да пайдасы зор. Мұндайды әдет еткендердің қан қан қысымы қалыпты болады, олар түрлі күйзелістерге ұрынбайды.
|