Қасиеті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мақсатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, Бородулиха аудандық мешітінің бас имамы Әріпжан Қожанұлы Рамазан айын қайырымдылық шарамен бастады. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасы Байжарылғасина Шарипа Молдаханқызына азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек берілді. Бас имам Әріпжан Қожанұлы Шарипа Молдаханқызына Рамазан айының құрметі мен сауап айы турасында, уағыз-насихат айтып, өмірдің сынақ қиыншылықтарына мойымай өсіп келе жатқан кішкентай балаларына дұрыс тәрбие беруіне шақырды. Бородулиха мешітінің баспасөз қызметі.
|