Сәби перзентханадан шығатын мезгілде үйді тазалау қажет. Әсіресе бала жататын бөлме таза болуы тиіс. Кей ересектер бала жататын бөлмені жөндейді. Сәбиді әкелмес бұрын бөлмені жақсылап желдетіңіз. Аздаған бояу иісінің өзі баланың улануына соқтыруы мүмкін. Бала кереуеті тұратын орынды алдын-ала таңдаңыз. Ол жылы, жақсы желдетілетін, көпшілік отыратын бөлмелерден алыстау жерде тұруы тиіс. Кереуетті терезенің не батареяның жаныны қоймаңыз. Балаға таза ауа қажет, бірақ үнемі жел өтінің де қажеті жоқ. Жиһазды қойған соң үйдің бұрыш-бұрышын жақсылап жуып, тазартыңыз. Әсіресе кілем мен жұмсақ жиһазға ерекше назар аударыңыз. Оларға шаң көп жиналады. Сәбидің бөлмесі күн сәулесі жақсы түсетін жарық болсын. Терезеден ауыр қалың перделерді алып тастаған дұрыс. Күн сәулесі нәресте денсаулығына жағымды әсер етеді.
|